Қарағандылық дәрігерлер ішіне ине ұмытып кеткеннен кейін жағдайы нашарлағанын айтты

Әлеуметтік желіде Қарағанды тұрғынының мазасыз жазбасы тарады. Ол дәрігерлер операция кезінде бүйірінде медициналық ине қалдырып кеткенін мәлімдеген. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады, деп жазады ekaraganda.kz.
Оқиғаның мән-жайы
Зардап шегуші Алик Сагин 14 сәуір күні оң жақ бүйірі ауырып, Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасына жүгінген. Хирург плевритке симптомын қойып, операция тағайындаған.
«15 сәуір күні маған ауыр операция жасалды, ол 9 сағатқа созылды. Кейін мені фтизиатрия орталығына ауыстырды. Онда рентген жасалған кезде оң жақ кеуде тұсымнан медициналық ине табылды», – дейді Алик Сагин.
Ине алынған, бірақ…
Осыдан кейін оған 19 сәуірге екінші операция тағайындалған. Ине алынған, бірақ науқастың айтуынша, жағдайы күрт нашарлаған.
«Мен Денсаулық сақтау министрлігіне жүгінгім келеді. Бұл оқиға ескерусіз қалмауы керек. Себебі хирург маған хабарласпады, тіпті бір рет хабарласқан жоқ. Барлығы жабулы күйінде қалды. Қазір ешкім хабарласпайды, мен жұмысқа жарамсызбын», – дейді Сагин.
Денсаулық басқармасының жауабы
Денсаулық сақтау басқармасы оқиға бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатқанын растады. Сонымен қатар, басқарма 19 мамыр күні науқастың жағдайы жақсарғанын, ол амбулаториялық емдеуге шығарылғанын айтты.
«Клиникалық және рентгенологиялық динамика оң. Тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысы бойынша денсаулыққа зиян келтірілген-келтірілмегені анықталады», – делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін, Шуда қайтыс болған жүкті әйелдің туыстары перзентхананы қиратқан. Олар келіншектің қазасына дәрігерлерді кінәлайды.