«Дәстүр» режиссері тағы бір триллер түсірді

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Қуаныш Бейсек тағы триллер ұсынады / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстанда прокаттан 2 млрд теңге жинаған «Дәстүр» фильмінің режиссері Қуаныш Бейсек қазақстандық көрермендерге тағы тағы бір туынды ұсынады. Триллер жанрында түсірілген «Ауру» фильмі жақында көрерменге жол тартады.

Фильм авторы француздық Loco Films кинокомпаниясымен халықаралық келісімге келген. Бұл компания қазақстандық «Ауру» фильмін әлемдік кинонарыққа шығаруды көздеп отыр.

Фильм не туралы

Фильмнің режиссері – Айтөре Жолдасқали.

Кинотуынды қатерлі ісік ауруына шалдыққан әйелдің еміне ақша жинаймыз деген желеумен ақша жинап жүрген ерлі-зайыптылар туралы.

Бұл фильмді француз компаниясы әлемдік кинонарықтарға шығаруды жоспарлап отыр. Сонымен бірге туындыны Каннда көрсетілмек. Бұдан бөлек фильмнің бірлескен продюсері Анна Качко Tartaria Films және Loco Films компанияларымен бірлесіп, кинотуындыны әлемдік киноплатформаларға шығару мүмкіндігін қарастырады.

Француз продюсерлері «Ауру» фильмінде сананы дүр сілкіндіретін әлеуметтік шындық сипатталатынын жоғары бағалаған.

Сондай-ақ оқыңыз