Toyota, BMW, Volkswagen және Mercedes-Benz көліктері неге қауіпсіз болудан қалды

Toyota, BMW, Volkswagen және Mercedes-Benz көліктерінің қауіпсіздігіне қатысты үлкен дау-дамай туып отыр. Өндірушілердің үстінен шағым түсті.
Қорғаныс жастықшасындағы газ жарылысқа әкеліп соғып, жүргізушінің өміріне қауіп төндіруі әбден мүмкін. Тіпті, өлім жағдайына әкелуі де мүмкін.
Takata дауы
Франциялық тұтынушылар қауымдастығы UFC-Que Choisir BMW, Toyota, BMW, Volkswagen және Mercedes-Benz көліктерінде қолданылатын Takata қауіпсіздік жастықтарының қауіпті екені туралы дабыл қағып отыр. Неміс және жапон автокөлік шығаратын компаниялары бұған тым кеш мән берген.
Le Figaro ақпаратына қарағанда, тұтынушылар қауымдастығы өндірушілердің үстінен төрт бірдей шағым түсіріп үлгеріпті. Олар қауіпсіздік жастықшаларының түйткілін шешуге асықпағаны үшін айыптап таққан.
Ауыр үш айып
UFC-Que Choisir төрт өндірушінің үстінен арыз түсірген. Онда «алаяқтық», «алдау» және «адам өміріне қауіп төндіру» деген айыптар бар. Әңгіме Toyota, BMW, Volkswagen және Mercedes-Benz көліктері туралы болып отыр.
Бұл қауіпсіздік жастықшаларын Takata атты жапон компаниясы шығарады. Ондағы газ уақыт өте келе, жылудың әсерінен ыдырап, жарылысқа әкелуі әбден мүмкін.
Әлемде осы шикіліктің кесірінен миллиондаған көліктер бұзыған. Бірнеше мәрте адам өлімі де тіркеліп отыр. Тұтынушылар қауымдастығы өнім өндірушілер ұзақ уақыт шара қабылдамады дейді.
Он жылдан бері мәлім
«Takata қауіпсіздік жастықшаларының қауіпті екені 10 жылдан бері белгілі. Тәуекелдің сипаты дәлелденген», – деп көрсетті UFC-Que Choisir.
Бұл ұйымның пікірінше, автоөнімдірушілер қиын жағдайға тап келгенше күткен. БАҚ пен реттеуші органдар қысым жасаған соң ғана, шара қабылдауға көшкен.
Қауымдастықтың айтуынша, өндірушілер жөндеуден өтпейінші жүргізуді тоқтату туралы көлік иелеріне ескерту жасамаған. Мемлекет оларды қазір мәжбүрлеп отыр.
Шағым түскен төрт компанияның ішінде тек қана Volkswagen мұндай науқан өткізген. 2025 ақпан айында ғана. Десе де, оны жария өткізбеген.
Отыз үлгідегі 2,3 миллион автокөлік
Toyota, BMW, Volkswagen және Mercedes-Benz-пен қатар, отызға жуық үлгіде ақау кездеседі. Францияда 2,3 миллион көлік қауіпсіздік жастығын ауыстыруды қажет етеді. Қауіпсіздік жастықшаларына қатысты дау-дамай үдеп келеді. Citroën мен Volkswagen, Toyota мен Mercedes мыңдаған көлікті қайтарып, жастықшаларын ауыстырып беруге тиіс. Францияның Көлік министрлігі 10 сәуірде осындай мәдімдеме жасады.
Takata жастықшаларынан кесірінен Францияда бір адам қаза тапса, өзге елдерде 11 қайғылы оқиға тіркелген.
Айта кететін жайт, тек қана Toyota, BMW, Volkswagen және Mercedes-Benz қана емес, Citroën, Nissan, Audi, Ford және басқа да брендтер осы жастықшалармен жабдықталады екен.
Мұның алдында Chery, Geely, Haval, Changan – Қытай көліктерінің сапасы туралы жазған едік.