Еуропаның қай елі бизнес ашуға ыңғайлы?

Еуропа елдерінде бизнес ашу қаншалықты оңай? Бүгінде Еуроодақ ішкі өндірістің дамуына, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына ерекше көңіл бөліп жатыр. Назарларыңызға бизнес ашуға барынша жағдай жасалған Еуропадағы бес елді ұсынамыз.
Эстония
Эстония – ЕО-дағы шетелдік құрылтайшылар үшін ең қонақжай елдің бірі. Мұнда бизнес үшін құқықтық және экономикалық база өте ыңғайлы, цифрландыру деңгейі өте жақсы. Салық декларациясын толтыру, банк операциялары да электронды режимде өтеді. Invest in Estonia дерегінше, компанияны ашуға бар болғаны 15 минут кетеді. Елдегі кәсіпкерлердің 98%-ы онлайн тіркеледі. Эстониядағы ШОБ-қа арналған салықтар:
1. Таратылмаған пайдаға салық жоқ
Компания пайдасын қайта инвестицияласа — салық салынбайды. Тек дивиденд таратқанда 22% салық төленеді.
2. ҚҚС (Қосылған құн салығы)
2025 шілдеден бастап – 24%. Жылдық айналым 40 000 еуродан асса, ҚҚС тіркеу міндетті.
3. Әлеуметтік салық
Жалақыдан жұмыс беруші 33% әлеуметтік салық төлейді.
Сонымен қатар, Эстонияда бюрократия деңгейі салыстырмалы түрде төмен. Бұл өз кезегінде бизнес ашу процесін одан әрі жеңілдетеді.
Ирландия
Ирландия Республикасы – Еуропадағы бизнес ашуға арналған танымал бағыттың бірі. Себебі елдегі табыс деңгейі жоғары, цифрлық экономика да жақсы дамыған. 1Office мәліметінше, үй шаруашылықтарының интернетке қол жеткізуі 92%-ды құрайды. Бұл технологиялық және цифрлық өнімі бар бизнес ашуға ыңғайлы.
Дүниежүзілік банктің зерттеуіне сүйенсек, елдегі Корке қаласында бизнесмендер тез келісім-шартты бекітіп, электр желісіне тез қол жеткізе алады. Уотерфордта құрылысқа рұқсатты тез ала аласыз, Голуэй де бизнесті тіркеу, ашу өте жылдам.
Корпоративтік табыс салығы:
- 12,5% — белсенді бизнеске (ШОБ үшін негізгі мөлшерлеме)
- 25% — пассивті табысқа
- 15% — ірі халықаралық компанияларға
Жеке кәсіпкерлерге арналған салықтар
- Табыс салығы — 20% және 40%
- Әлеуметтік жарналар (USC, PRSI) — табысқа байланысты
Бұл елде әлемдегі ең төменгі ұжымдық салықтың бірі тіркелген (12,5%). 72 елмен қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісім жасасқан.
Болгария
Болгария – Шығыс Еуропадағы жаңа бизнес ашуға лайықты мекеннің бірі. Бюрократия төмен, әкімшілік шығындар да арзан. Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда ұжымдық салық – 10%. Шетелдік компанияларға Болгарияда жер сатып алуға заңды шектеулер жоқ және тіркеуден кейін тек операциялық шығындарды ғана төлейді.
ЕО елдерінен келген кәсіпкерлер төмен жұмыс күші құнын, жоғары білікті әрі көптілді мамандарды, өмір сүрудің салыстырмалы түрде арзан болуын пайдалана алады.
Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы орналасқандықтан Болгария Грекия мен Түркия сияқты нарықтарға жақын. Сондай-ақ Сербия мен Солтүстік Македония нарықтарына шығуға мүмкіндік бар.
Нидерланды
Дүниежүзілік экономикалық форумның дерегінше, Нидерланды Еуропадағы экономикасының көлемі жөнінен бесінші орындағы ел. Королдіктің ЖІӨ 990,6 млрд долларды құрайды, бұл ЕО экономикасының 5,6%-ын құрайды.
Ел бизнес бастау, жаңа кәсіпкерлік ашу үшін салық жеңілдіктер ұсынады. Бірақ, ескерте кету керек, елдегі корпоративті табыс салығы 25,8%-ды құрайды. Бұл басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда үлкен.
Дегенмен кәсіпкерлерге 30%-дық жеңілдік бар екенін де ұмытпау қажет. Яғни жұмыс берушілер шетелдік қызметкерлер жалақысының 30%-на салық төлемейді. Сонымен қатар, үкімет жаңа инновациялық өнімдер жасаған немесе ғылыми зерттеу жүргізіп жатқан компаниялардың шығындарын төлеуге де көмектеседі.
Корпоративтік табыс салығы
- 19% — 200 мың еуроға дейін
- 25,8% — одан жоғары
Жеке кәсіпкерлерге
Табыс салығы — 35,8%–49,5% (табыс деңгейіне қарай)
Нидерланды, әсіресе, робототехника және жасанды интеллект, бөлшек сауда саласындағы бизнес иелері үшін де өте ыңғайлы орта.
Дания
Дания – құрылтайшылар өз кәсібін оңай аша алатын тағы бір еуропалық ел. Дүниежүзілік банктің бизнесті қарапайым жүргізу рейтигінде үздік бестікке кіреді. Эстония тәрізді Данияда да компанияны онлайн режимде ашуға болады. Бірақ процесс бірнеше сағатқа созылуы мүмкін.
Сондай-ақ, Дания тұрақты экономика, жоғары білікті жұмыс күші мен дамыған инфрақұрылым ұсынады. Еңбек нарығы да қолайлы, қызметкерлерге жұмысқа қабылдау, босату да шығындар аз.
Сонымен қатар, елде корпоративтік салық мөлшерлемесі бәсекеге қабілетті — көпшілік компаниялар үшін ол 22% деңгейінде.
Негізгі салық мөлшерлемелері
- Корпоративтік табыс салығы: 22%
- Қосылған құн салығы (ҚҚС): 25%