Сара Назарбаева госпитальде әлі де ем қабылдап жатыр
Жарияланды

Сара Назарбаева Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальде ем қабылдап жатыр. Медициналық мекеме журналистердің сауалына осылай жауап берді.
Осыған дейін БАҚ-та Сара Алпысқызының қайтыс болғаны жайлы ақпарат тараған. Тіпті ол емделген госпиталь маңынды күзет күшейіп, полиция көліктері жиіледі.
Бірақ артынша Нұрсұлтан Назарбаеватың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай ақпараттың жалған екенін айтты.
«БАҚ-тың көп сұраныстарына жауап ретінде хабарлаймын: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысовна қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның қазасы туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – деп жазды ол.