Жаңалықтар

Сара Назарбаева госпитальде әлі ем қабылдап жатыр

Сара Назарбаева
Сара Назарбаева госпитальде әлі ем қабылдап жатыр/ Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Сара Назарбаева Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальде ем қабылдап жатыр. Медициналық мекеме журналистердің сауалына осылай жауап берді.

Осыған дейін БАҚ-та Сара Алпысқызының қайтыс болғаны жайлы ақпарат тараған. Тіпті ол емделген госпиталь маңынды күзет күшейіп, полиция көліктері жиіледі.

Бірақ артынша Нұрсұлтан Назарбаеватың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай ақпараттың жалған екенін айтты.

«БАҚ-тың көп сұраныстарына жауап ретінде хабарлаймын: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысовна қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның қазасы туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – деп жазды ол.