
Қазақстандық комик Нұрлан Сабуров Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ұсталды. Бұл туралы бірнеше ірі ресейлік БАҚ хабарлады.
Актер миграциялық заңнаманы бұзғаны үшін 5 мың рубль (шамамен 32 мың теңге) көлемінде айыппұл төлейді. Белгіленген мерзімде Ресейден шығуы тиіс. Бірақ елге қайта кіруге тыйым салынбаған.
Әзірге әртістің өзі де, менеджерлері де бұл ақпаратты растаған жоқ. Осы жайлы Kursiv.Media Қазақстан СІМ-не сауал жолдады.
Нұрлан Сабуров – стендапер, комик, әртіс. 1991 Қазақстанда туған. Қазір ресейлік шоу-бизнесте өнер көрсетеді. Ресейлік басылымдар оның бір шараны жүргізгені үшін ақысы 2 млн рубль немесе 10 млн теңгеден басталатынын жазады.