Акциядан түскен табыстың бір бөлігін зекет қорына аударады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Бағалы қағаздар саудасынан түскен пайданың бір бөлігі зекет қорына түседі / фото: shutterstock
Бағалы қағаздар саудасынан түскен пайданың бір бөлігі зекет қорына түседі / фото: shutterstock

Енді халықаралық өтімділік хабы (ITS) табыстың бір бөлігін зекет қорына аударады. ITS компаниясы мен «Зекет және қайырымдылық» қоры ислами қаржы жүйесін дамытуды көздейтін меморандумға қол қойды. Бұл туралы ITS-тің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар қаржы сауаттылығын арттыруды, сонымен бірге ислами қаржы құралдарын дамытуды жоспарлап отыр. Әсіресе, инновация сервистерін қолдануға ерекше көңіл бөлінеді. ITS аймақта ислами қаржы қызметтерінің ауқымын кеңейткісі келеді.

Атап айтқанда, компания ETF ITS Shariah акциялары бойынша дивиденд алған жағдайда, табыстың бір бөлігін Зекет қоры арқылы қайырымдылыққа жұмсайды.

«Зекет қорымен меморандумға отыру – Орталық Азияда ислами қаржы жүйесін дамытудағы маңызды қадам. Соның арқасында, шариғат тәртібімен, мұқтаж жандарға көмек беріледі. Әлеуметтік тәжірибе ашық, тиімді инвестициялау жүйесін дамытады», – деді ITS атқарушы директоры Александр Диаковский.

ITS – «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген хаб.

19 мамырда Қазақстандағы екі банк шариғат талаптарына сай ислам ипотекасын іске қосатынын жариялады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) қазіргі банктерге де ислам талаптарына сай қызмет көрсетуге рұқсат беруді жоспарлап отыр. Бұл – «исламдық терезе» форматы деп аталады. Яғни банк ішіндегі жеке бөлім ислам қағидаттарына сай қызмет көрсетеді.

Осы ретте Kursiv.Media қандай банктер шариғат талаптарына сай өнім ұсынуға ниетті екенін сұрап көрген. Бірқатар банктер ислам шарттарына сай жұмыс істеуге байын болса, бірқатарының ондай жоспары жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз