Парижде өткен қазақ-қырғыз айтысында Айбек Қалиев бас жүлдені иеленді

Жарияланды 19 Мамыр 2025 17:22

(жаңартылды 20 Мамыр 2025 01:30)
Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Париж қаласында ақындар айтысы өтті / фото: Қазақстан СІМ
Париж қаласында ақындар айтысы өтті / фото: Қазақстан СІМ

Қазақстан мен Қырғызстан ақындары Париж қаласында айтысып, бас жүлдені Айбек Қалиев иеленді. ЮНЕСКО-ның бас пәтерінде өткен байқау айтыс өнерінің Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енуіне 10 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

СІМ мәліметінше, ЮНЕСКО ғимаратындағы залда Еуропа елдерінде жұмыс істеп немесе білім алып жүрген 300-ге жуық қазақ және қырғыз азаматтары, диаспора өкілдері бас қосты. Тарихи айтыста көршілес екі елдің танымал ақындары өнерін ортаға салды.

Гран-при жүлделері Айбек Қалиев пен Азамат Болгонбаевқа, І орын үшін дипломдар Дидар Қамиев пен Акматбек Султан уулу, ІІ орын үшін дипломдар Мейірбек Сұлтанхан мен Амантай Кутманалиевке, ІІІ орын үшін дипломдар Абай Жолмағамбет пен Максат Кулуевке тапсырылды.

Қазақ пен қырғызға ортақ айтыс өнері 2015 жылы ЮНОСКО тізіміне енген.

Естеріңізге сала кетейік, бір ай бұрын XVIII ғасырдағы «Хандар шежіресі» ұйымның «Әлем жады» тізіміне қосылған.

Ал 2024 жылғы желтоқсанда «Беташар» салты ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енген.

Сондай-ақ оқыңыз