
Forbes-тің ғаламдық онлайн рейтингінде Тимур Турловтың дәулеті 7,5 млрд долларға жетті. Бұған Freedom Holding Corp. акцияларының өсуі әсер етті.
NASDAQ қор биржасында Freedom Holding Corp. акциялары бір айдың ішінде шамамен 50 долларға, яғни 39%-ға көтерілді. Қазір FRHC акциясы 176 доллар тұрады. Салыстырар болсақ, 21 сәуірде ғана холдинг акциясы 126 долларға бағаланған еді.
Осының арқасында компанияның нарықтық капиталы 10,67 млрд долларға жетті.
Forbes-тің ғаламдық онлайн рейтингінде де Тимур Турлов дәулеті тағы бірнеше миллионға артып, 7,5 млрд долларға жетті. Қазір ол Қазақстанның ең бай адамы.
Қазақстанның ең бай жеті адамы Forbes-тің ғаламдық онлайн рейтингінде былайша орналасты:
- Тимур Турлов – 7,5 млрд доллар (432-орын);
- Вячеслав Ким – 7,1 млрд доллар (474-орын);
- Владимир Ким – 5,7 млрд доллар (630-орын);
- Динара Құлыбаева – 5,5 млрд доллар (675-орын);
- Тимур Құлыбаев – 5,4 млрд доллар (676-орын);
- Болат Өтемұратов – 3,7 млрд доллар (1025-орын).
Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов бір жылдың ішінде бес орынға көтеріліп, Қазақстанның ең дәулетті адамы атанды. 37 жастағы кәсіпкер 14 мамырда жергілікті байлар рейтингінде бірінші орынға көтерілді.