Мұғалімдерді ақылы семинарға тарту тоқтамай тұр. Министр не дейді

Үкіметте Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа мұғалімдерді ақылы семинарларға мәжбүрлеуге қатысты сауал қойылды.
Министрден «мұғалімдер ақылы жиындарға кеткен шығынды сұрайын десе, қудаланамыз ба деп қорқатынын, мұндай жағдайда педагог статусы туралы заң қайда қалатынын» сұрады.
Ғани Бейсембаев қазіргі уақытта тегін семинарлар жеткілікті екенін атап өтіп, мәселенің мән-жайын анықтау үшін мұндай факті тіркелген мектепті нақтылауды сұрады.
«Елімізде 8 мыңға жуық мектеп, 600 мыңға жуық мұғалім бар. Сондықтан сізден осы заңды нақты орындамай отырған қай өңір, қай мектеп екенін нақты айтуыңызды сұраймын», – деді ол.
Министрдің сөзінше, мектеп мұғалімдерін ақылы семинарларға тартуға қажеттілік жоқ.
Бүгін өткен Үкімет сағатында грантқа құжат қабылдау қашан басталатыны айтылды.