Тоқаев Румынияның жаңа президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Румыния Президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады.
«Бұл жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге және Румынияның дамуын баянды етуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға көрсеткен қолдауы мен сенімінің айқын дәлелі деп білемін», – делінген жеделхатта.
Тоқаев қос елдің бірлескен күш-жігерінің арқасында Астана мен Бухарест арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне зор үміт білдірген.
Никушор Дан – Бухарест қаласының экс-мэрі. Ол президент сайлауының екінші кезеңінде оңшыл кандидат Джордже Симионнан басым түскен.
Айта кетейік, президент Тоқаев бүгін мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттап, кәсіпкерлерді мәдениет саласын дамытуға атсалысуға шақырған.