Қазақстандықтардың депозитінде қанша ақша жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
депозитте қанша ақша жатыр
Депозитте қанша ақша бар / Фото: shuttrestock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Сәуір айында халықтың теңгеде сақтаған депозит көлемі қайта өсті. Бұл туралы Ұлттық банктің ресми есебінде айтылған.

Бір айда теңгедегі салымдар 800 млрд теңгеге немесе 2,5%-ға артып, 31,9 трлн теңгеге жетті. Наурыз айында бұл салым түрі 31,3 трлн теңгеге дейін азайып кеткен еді.

Депозитте қанша ақша жатыр

Алайда жалпы депозит көлемі 167 млрд теңгеге қысқарып, 41,3 трлн теңгені құрады. Бұған шетел валютасындағы салымдардың азаюы әсер еткен. Яғни доллар және еуромен ашылған депозиттердің көлемі төмендеген.

Қазіргі кезде банк депозиттерінде 9,4 трлн теңге шетел валютасымен сақталған. Бұл қаржының 4,8 трлн теңгесі – компаниялардың валютада сақтаған ақшасы. Қалғаны халықтың доллар мен еуродағы жинағы.

41,3 трлн теңгенің 18,5 трлн теңгесі заңды тұлғалардың ақшасы болса, 22,8 трлн теңгесі – халықтың жинаған депозиті.

Неліктен валютадағы депозиттер азайып жатыр?

Сарапшылардың пікірінше, теңгенің нығаюы валюталық депозиттердің тартымдылығын төмендетіп отыр. Валюта бағамы тұрақты болған сайын, азаматтар мен компаниялар жинақтарын теңгемен сақтауға көбірек көңіл бөле бастайды.

Бұған дейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қандай жинақтарға кепілдік берілмейтінін түсіндірген. Одардың қатарында металл шот пен ислам банкіндегі депозит, сертификаттар мен банк сейфінде сақталған заттар мен ақша бар.

Сондай-ақ оқыңыз