Geely Emgrand пен Chery Tiggo 2 неге қазақстандықтардың көңілінен шықпады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Business News бөлімінің редакторы
Geely Emgrand, Chery Tiggo 2 және Jetour X70:
Қазақстандықтардың сенімінен шықпаған көліктер қандай / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Милош Муратовский

Соңғы жылдары Қазақстанда Қытай автокөліктеріне деген сұраныс айтарлықтай артты. Алайда көлік иелерінің барлығы бірдей бұл трендке ілеспеген. Threads әлеуметтік желісінде қазақстандық жүргізушілер өз тәжірибесіне сүйене отырып, ең сенімсіз деп есептейтін қытай көліктерін атады. Сын садағына Geely Emgrand, Chery Tiggo 2 және Jetour X70 ілінді.

Қорабы «тебеді», электроника әлсіз, жөндеу қиын

Көптеген пікір қалдырушылар аталған модельдердің техникалық кемшіліктеріне тоқталған. Geely Emgrand иелері беріліс қорабының дұрыс жұмыс істемейтінін айтып шағымданған. Ал Chery Tiggo 2 вариаторының шулы екенін және бұл модельдің сенімсіз екенін алға тартқандар көп. Jetour X70 көлігінің иелері 1,6 литрлік қозғалтқыштан гөрі 2 литрлігін таңдауға кеңес береді, себебі беріліс қорабында жиі ақау шығады.

«Geely Emgrand — беріліс қорабы дірілдеп «тебеді, Tiggo 2 — вариаторы шуылдайды, сенімсіз көлік. Jetour X70 — берілісімен әуре, 1,6 емес, 2 литрлік қозғалтқышын алған дұрыс», — деп жазады өзін кәсіби маман ретінде таныстырған қолданушы.

Қымбат бөлшек, өтімі нашар және каталог жоқ

Кей жүргізушілер Қытай көліктерінің негізгі кемшілігі ретінде қосалқы бөлшектердің тапшылығын және қымбаттығын атап өтті. Сонымен қатар, кейбір модельдерге қажетті бөлшектердің каталогтары да жоқ, ал агрегаттары жөндеуге жарамсыз.

«Түкке тұрғысыз, себебі өтімділігі нөл, қосалқы бөлшектері қымбат, агрегаттары жөндеуге келмейді. Тіпті қосалқы бөлшектердің каталогтары да жоқ», — дейді бір қолданушы.

Оның пікірінше, Skoda көліктері баға мен сапа арақатынасы бойынша әлдеқайда тиімді.

«Бір реттік техника» ма, әлде ақталған таңдау ма?

Қытай көліктеріне қатысты пікірлердің барлығы теріс емес. Кейбір қолданушылар өз тәжірибесінде мұндай көліктердің сенімді екенін дәлелдеп отыр.

Мысалы, бір қолданушы таныс инженердің Geely көліктерін мақтап жүргенін айтады:

«Кепілдік бойынша жұмыс істейтін таныс инженер Geely-ді мақтайды, бекер емес, Ресейде жақсы сатылады. Exeed болса, кепілдікпен бәрін ауыстырады, бірақ өтініштердің көп болуы — бұл минус».

Changan кроссоверін тізгіндеген жүргізуші де оң пікір білдірген:

«30 мың шақырым жүрдім, әзірге бәрі жақсы, Hyundai-мен салыстырғанда шығын аз. Бұрын қытай көліктерін жамандағандар енді өздері сатып алып жатыр».

Алайда қауіпсіздік мәселесіне алаңдағандар да бар:

«Changan алмаймын – қауіпсіздігі күмәнді. Exeed көліктері қызық, бірақ жұмыста барлығының жүрісі 30–60 мың км, содан кейін түрлі ақау шыға бастайды», — дейді тағы бір пікір білдіруші.

Haval — үміт ақтаған брендтердің бірі

Кейбір көлік иелері Haval көліктерін мақтап отыр. Бір жүргізуші Haval H6 үлгісін үш жылдан бері мініп жүргенін, көлік қатты аязда да сенімді қызмет көрсетіп жатқанын айтады:

«Қыста минис 40 градуста далада тұрады, бірінші айналымда от алады. Трассада жақсы ұстайды. Күйеуімде Tank 500 бар — зауыттан ақауы болды, бірақ жөнделді».

Оның айтуынша, қытай көліктері – өз бағасына сай жақсы шешім. Алайда, нарықтағы таңдауды Қазақстанмен шектемей, Қытайдың өз ішіндегі сату көрсеткіштеріне де қарап таңдау керек дейді басқалар.

«Қытайлықтардың өздері не сатып алып жатыр — соған қара: BYD, Denza, Zeekr, Li Auto, Voyah — міне, сапалы брендтер», — деп кеңес береді тағы бір қолданушы.

Бұған дейін Қытайда құрастырылған ең сапалы кроссоверлер белгілі болған.

Сондай-ақ оқыңыз