Никушор Дан – әлемдегі ең ақылды президент

Бүкіл әлем елдері басшыларын есеп шығарудан жарыстырса, Румыния президентінің топ жарып шығары сөзсіз. Өйткені Никушор Дан бірнеше олимпиадада жеңген мықты математик.
1969 жылы Румынияның Фэгэраш қаласында туған Никушор математика ғылымымен шындап айналысқан. Әуелі ол 1987 жылы Халықаралық математика олимпиадасында 100% нәтиже көрсетіп, алтын медаль иегері атанады. Бір жылдан соң дәл осындай үздік нәтижені қайталайды. Тарихта Никушор секілді дарынды көп емес.
Кәмелет жасқа толған уақытта Бухарест қаласына көшкен ол Бухарест университетінде өзіне таныс нақты ғылымды тереңірек оқиды. Ал 1998 жылы Париж университетінде математикадан докторлық диссертация қорғайды.Үш жылдан соң профессор атанады.
2025 жылы Никушор Дан Румыния президентін сайлауға түседі. Румынияны құтқару одағы партиясының қолдауына ие болған ғалым бірінші турдан сүрінбей өтеді. 2025 жылғы 18 мамырда екінші турла Джордж Симионмен тартысады. Сайлауда Никушор Дан 54% дауыс жинап, Румыния президенті атанды.
Әлемдегі ең ақылды президент кім деген сауалға румын сайлаушылары Никушордың есімін атары сөзсіз. Өйткені жергілікті халық оны ақылды саясаткер болғаны үшін таңдаған.