Әлішер Кәрімов «Қазақстанның халық әртісі» атағын алды

Жарияланды 20 Мамыр 2025 14:41

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Әлішер Кәрімов «Қазақстанның халық әртісі» атағын алды / фото: wikimedia

Танымал әнші Әлішер Кәрімов «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 20 мамырда мәдениет қайраткерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Әлішер Кәрімов Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «вокал» бөлімін тәмамдаған. Кейін Қазақ ұлттық өнер университетінде «музыкатану» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

2021 жылы Ресейдің «Голос» жобасының 10-маусымына қатысып, көрмей тыңдау кезеңінде Шарль Азнавур мен Жорж Гарваренцтің «Une vie d’amour» әнін орындады. Өнеріне Ресейдің халық әртісі Александр Градский жоғары баға беріп, командасына қабылдады. Әлішер жобаның финалына дейін жетіп, екінші орынды иеленді.

Бұдан бөлек:

  • «Славян базары» (Витебск, Беларусь) — 2011 жылы Әлішер бұл байқауда үшінші орынды иеленіп, ресейлік БАҚ-тың арнайы сыйлығына ие болды.
  • «Ереван шақырады» (Армения) — 2012 жылы бұл байқауда да үшінші орын алды.
  • «Новая волна» (Юрмала, Латвия) — 2014 жылы Әлішер бұл байқауда ондыққа еніп, Қазақстанның атынан өнер көрсетті.

2018 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алған болатын .

Сергей Дворцевой «Достық» орденімен марапатталды

«Айка» фильмінің режиссері Сергей Дворцевой ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Бұл марапат оған ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін берілді . 

Сергей Дворцевой – Қазақстанда туып-өскен танымал кинорежиссер. Оның «Айка» фильмі 2018 жылы Канн кинофестивалінде басты рөлді сомдаған Самал Еслямоваға «Үздік әйел рөлі» жүлдесін әкелді.

Сондай-ақ оқыңыз