Жаңалықтар

Нұрлан Ұранхаев премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды

Какой путь проделал Нурлан Уранхаев до советника премьер-министра
Нұрлан Ұранхаев премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды / фото: ortcom.kz

Абай облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ұранхаев Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Нұрлан Ұранхаев – үш жоғары білімі бар маман: инженер-механик, экономист-менеджер және инженер-құрылысшы.

Еңбек жолын 1987 жылы слесарь-монтажшы болып бастаған. Кейін жекеменшік кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдарды басқарды. Мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдар атқарған: ШҚО әкімінің орынбасары, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Төтенше жағдайлар министрлігінде және Президент әкімшілігінде жұмыс істеген. Сонымен қатар, Алматы мен Астана қалаларының сәулет және қала құрылысы басқармаларын басқарды.

Ұранхаев 2022 жылы президент Жарлығымен жаңадан құрылған Абай облысының алғашқы әкімі ретінде тағайындалған болатын. Ал 2024 жылдың ақпан айында бұл қызметтен босатылды. Оның орнына облыс әкімі болып Берік Уәли келді.