Оқушылар жазда музей мен театрларға тегін бара алады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Оқушылар жазда музей мен театрларға тегін бара алады / фото: shutterstock

Жазғы демалыс кезінде еліміздің барлық мектеп оқушысы мұражайлар, театрлар және басқа да мәдени мекемелерге тегін бара алады. Бұл туралы Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігі балалардың жазғы демалысын мазмұнды өткізу мақсатында жас ұрпақтың мәдени және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған ауқымды іс-шаралар кешенін әзірлеген.

Министрлікке қарасты 10 білім беру мекемесінде бүгінде 10 мыңнан астам оқушы білім алуда. Аталған ұйымдарда жазғы маусымға арналған арнайы мәдени-танымдық бағдарламалар бекітілген.

«Жазғы уақытта еліміздің барлық мектеп оқушыларына музейлер мен театрларға, өзге де мәдени мекемелерге тегін кіруге мүмкіндік жасалып отыр. Бұл әрбір балаға мәдени мұрамен етене танысып, рухани байи түсуге жол ашатын игі бастама», — деді Қанат Ысқақов.

Сондай-ақ бұған дейін жазда 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь ашылатыны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз