34 мың түлек ҰБТ тапсырудан бас тартты

2025 жылдың 16 мамырынан бастап елімізде жоғары оқу орындарына түсуді мақсат еткен талапкерлер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Биылғы сынақ 7 шілдеге дейін жалғасады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов айтты.
Биыл мектеп бітіретін түлектер саны – шамамен 217 мың. Оның ішінде 183 мың оқушы ҰБТ-ға тіркелген. Демек, 34 мың түлек тест тапсырудан бас тартқан. Бұл көрсеткіш – жалпы түлектер санының 15 пайызға жуығын құрайды.
Тестілеу республика бойынша 46 өңірлік тестілеу орталығында өткізіліп жатыр. Барлық пункттер қажетті техникалық құрал-жабдықтармен қамтылған. Талапкерлерге тестілеу уақыты мен орнын өз еркімен таңдау мүмкіндігі берілген. Осы оқу жылында ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижесімен мемлекеттік білім беру гранты байқауына қатыса алады.
Салыстырар болсақ, былтыр (2024 жылы) 186 мыңға жуық түлек тестілеуге қатысса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 162 мың болған. Яғни, соңғы екі жылда ҰБТ тапсырушылар саны 21 мыңға артқан.
Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2025 жылы мектеп бітіріп жатқан түлектер қолдарына аттестатты қашан алатынын айтты.