2025 жылы қандай мамандықтарға грант көп бөлінеді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
грант
Вице-министр 2025 жылы грант көп бөлінетін мамандықтар туралы айтты / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2025 жылы қандай мамандықтарға грант көп бөлінетіні белгілі болды. Үкімет сағатынан кейін өткен брифингте ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов грант көп бөлінетін мамандықтар туралы айтты.

«Биыл техникалық мамандықтарға сұраныстың жоғары болуына байланысты грант саны көбірек болады», – деді министрлік өкілі.

АЭС үшін мамандар дайындау

Ешенқұлов сонымен бірге елде АЭС салынатындықтан, ядролық-физика саласы бойынша мамандарды дайындау шаралары қарастырылып жатқанын айтты.

«Қазіргі таңда АЭС-ке қатысты грант мәселесін қалыптастырып жатырмыз. Техникалық университеттердің оқу бағдарламалары мен мүмкіндіктері ескеріледі. Алдағы уақытта қанша мамандыққа қажеттілік туындайтынын толық бағамдай келе, гранттар саны белгіленеді», – деді вице-министр.

Гранттар қандай ЖОО-ларға беріледі?

АЭС-ке байланысты ядролық физика-мамандарын оқыту үшін арнайы оқу орны ашыла қоймайды. Өйткені техникалық мамандықтар бойынша елде 122 жоғары оқу орны бар. Солардың ішінде ядролық-физикаға қатысты мамандықтар бойынша оқытатын бірқатар ірі университеттер бар.

«Олардың әрқайсысының оқу бағдарламасы әртүрлі. Оқу орындарының білім сапасына және инфрақұрылымына байланысты шешім қабылданатын болады», – деді Ешенқұлов.

Айта кетейік, биыл грантқа құжат қабылдау 13 шілдеден басталады. Талапкерлер 13 -20 шілде аралығында жүргізіледі. Грантқа ие болғандар тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Сондай-ақ оқыңыз