Грантқа құжат қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Грантқа құжат қабылдау шілде айында басталады / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов
Грантқа құжат қабылдау шілде айында басталады / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Грантқа құжат қабылдау қашан басталатыны белгілі болды. Бұл туралы Үкімет сағатында ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов айтты.

Министрлік өкілінің айтуынша, грантқа құжат қабылдау 13 шілдеден басталады.

«Грантты тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау шілденің 13 мен 20 аралығында жүргізіледі. Оның нәтижесі 10 тамызға дейін жарияланады. Ал жоғары оқу орнына тіркелу 25 тамызға дейін созылады», – деді вице-министр.

Ал жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің сабағы шілденің 10-на дейін аяқталады. Одан кейін жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары басталады.

Айта кетейік, биыл грантқа түскен студенттер көбірек стипендия алатын болады. Бакалавриат бойынша стипендия 52 372 теңгеге, магистратура бойынша 117 098 теңгеге, докторантура бойынша 262 500 теңгеге өседі.

Сондай-ақ оқыңыз