Денсаулық министрі оқушылар арасындағы семіздікпен қалай күресетінін айтты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
школьники, питание, Казахстан
Денсаулық министрлігі мектеп оқушылары арасындағы семіздік көрсеткішін 15%-ға төмендетпекші /Коллаж: shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

Денсаулық сақтау министрлігі мектептерді дұрыс тамақтану тәртібін енгізіп, семіздік пен және басқа тамақпен келетін дерт түрлерімен күресті бастамақшы. Бұл турады Үкімет отырысында министрі Ақмарал Әлназарова айтты.

Семіздік мәселесі қалай шешіледі?

Әлназарова 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында дұрыс тамақтану бойынша халықаралық ұсынымдарға сәйкес әзірленген Тамақтанудың жаңа стандарты және көп нұсқалы үлгілік перспективалық мәзір қолданысқа енгізілетінін жеткізді.

Бұл мәзір семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа аурулардың даму қаупін азайту мақсатында әзірленген. Денсаулық министрлігі Дүниежүзіліқ денсаулық сақтау ұйымы бекіткен стандарт бойынша мектеп асханаларындағы тағамдардан қантты 3,6 есе, тұзды 5 есе азайтқан.

«Бұл норма инфекциялық емес ауруларды, атап айтқанда, балалардағы семіздікті 15%-ға дейін, қант диабетін 20%-ға дейін, артериялық гипертензияны 18%-ға дейін және басқа да созылмалы ауруларды 15%-ға дейін азайтуға ықпал етеді», – деді министр.

Пайдалы тамқтануға қатысты семинар

Ақмарал Әлназарова сонымен бірге тамақтану стандартын енгізу мақсатында Білім және денсаулық сақтау басқармалары, мектеп әкімшіліктері мен тамақ өнім берушілерінің қатысуымен оқыту семинарларын өткізіп жатқанын айтты.

Айта кетейік, жаңа оқу жылынан бастап, оқушылар ішетін тамақ теңдестірілген, қауіпсіз және пайдалы бола бастайды. Мектептердегі ас мәзірі Қазақ тағамтану академиясының қатысуымен әзірленген.

Жаңа мәзірде тағам сапасына ерекше мән беріліп, зиянды дайын тағам түрлерін сатуға тыйым салынады.

Сондай-ақ оқыңыз