Барак Обама ажырасып кетті ме – әйелі Мишель шындықты айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Барак Обама бірнеше айдан бері Мишельден жырақ жүрген / фото: KursivMedia мұрағаты
Барак Обама бірнеше айдан бері Мишельден жырақ жүрген / фото: KursivMedia мұрағаты

Барак Обама әйелі Мишель Обамадан ажырасып кеткені туралы қауесет гулеп тұр. Бұған түрткі болған себеп те аз емес.

Бұрынғы АҚШ президенті Барак Обама соңғы кездері түрлі шаралар мен бас қосуларда жалғыз бой көрсетіп жүр.

Gala ақпаратына қарағанда, 1 мамырда жарық көрген подкастта Мишель Обаманың өзі отқа май құя түскен. Ол отбасында қиын кезеңдер болғанын жасырмаған еді.

Подкаста не айтылды?

Айта кететін жайт, Мишель Обама британ кәсіпкері Стивен Бартлетт жүргізетін The Diary of a CEO подкастының қонағы болды. Ол Барак Обамамен 1992 жылы үйленгенін, көптеген сынақтан бірге өткенін айтып, соңғы кездері тараған ажырасу жайлы алып-қашпа әңгімелерге тоқталды.

Бірнеше айдан бері жұрт олардың бірге көрінбеуін ажырасумен байланыстырып жүр. Бірақ Мишель бұл қауесеттерді жоққа шығарып, 14 ақпанда Барактың Instagram-да айтқан сөзіне назар аудартты. Сондай-ақ, ол сәуірде де бұл тақырыпқа қатысты пікір білдірген болатын.

«Неке – оңай нәрсе емес»

«Некеде, бедеулік пен бала сүю жолында табиғи қиындықтар болады», — деді ол. Мишель Обама IVF арқылы ана атанып, түсік тастағанын да еске салды.

«Бұл – тек сіздің мәселеңіз емес. Бұл – некенің табиғаты. Ол бізге де оңайға соққан жоқ», – деді Мишель Обама.

Ол адамдардың қиындықтарға кезіккенде бірден беріліп қоятынын айтты.

«Ол – менің жарым»

Мишельдің пікірінше, мұндай кезде жұптар психолог көмегіне жүгінуден ұялмау керек. Сонымен қатар ол Барак Обама арасындағы түсініспеушілік болғанын да жоққа шығармады.

«Біздің де некемізде қиындықтар болды. Бірақ мен ештеңені өзгертпес едім. Ол – менің жарым», – деді Мишель.

Соңында ол кей шараларға бармаған себебін де түсіндірді. Мұның некесіндегі қиындықтарға қатысы жоқ екенін алға тартты. Басқа істері болғанын айтып, ажырасу туралы қауесеттерді жоққа шығарды.

Мұның алдында Барак Обама Дональд Трамптың саясатына қарсы шығып,  түлегі ретінде Гарвард университетін қолдаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз