Ипотекамен үй алғысы келетіндерге маңызды жаңалық

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ипотекамен үй алғысы келетіндер жаңа талаптарды мұқият жадында ұстауы керек / фото: chatgpt
Ипотекамен үй алғысы келетіндер жаңа талаптарды мұқият жадында ұстауы керек / фото: chatgpt

Ипотекамен үй алғысы келетіндерге маңызды жаңалық шықты. 2026 жылдан бастап Қазақстанда несие рәсімдеудің тәртібі қатаяды.

Енді банктер қарыз алушылардың сенімділігін жіті тексермек. Жаңа ережелерге сай, тәуекелі жоғары адамдарға қатаң талап қойылмақ. Бұл, әсіресе, ипотека алуды жоспарлап жүргендерге оңай соқпайды.

Несиені кез келген адам ала алмайтын болды

Жаңа ережеге сай, егер азаматтың несиелік тарихы үш жылдан аз болмауы керек. Жыл ішінде үш АЕК-тен көп сомаға 30 күннен аса кешіктіру тіркелуден абай болған жөн. Үш немесе одан да көп қаржы ұйымында қарызы болуы тиіс. Сонымен қатар табысын дәлелдей алуы қажет. Несиелік жүктемесі 45%-дан аспауы немесе бұрын теріс несие тарихы болуы қажет. Бұл талаптар бұзылса, ол тәуекелі жоғары топқа жатқызылады. Ипотекамен үй алғысы келетіндер жаңа талаптарды мұқият жадында ұстауы керек.

Мұндай қарыз алушылар үшін банктер келісімшартқа дейін-ақ оның дефолтқа ұшырау мүмкіндігін есептеп, қосымша бақылауға алады. Егер тәуекел деңгейі 5%-дан жоғары болса, қарыз берілмеуі мүмкін.

Қарапайым халыққа не қиын болады?

Бұл өзгерістер әсіресе бейресми табыс табатындар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жас мамандар үшін қиындық тудырады. Өйткені енді табысты дәлелдей алмау – ипотека алу мүмкіндігін күрт төмендетеді.

Сондай-ақ,  несие тарихы бұрынғыдан да маңызды. Бір ғана кешігу шешуші рөл атқармақ. Қарызы барларға жаңа несие беру қиындайды. Ипотека алса да, тұрақты бақылауда болады. Бұл келесі несиені рәсімдеуге кедергі болуы мүмкін. Сондықтан ипотекамен үй алғысы келетіндер қазіргі қарызының төлемдерін кешіктірмеуге ұмтылуы тиіс.

Банктердің қазіргі ұсыныстары қандай?

LS ақпаратына қарағанда, 2025 жылы ипотека нарығы 6,1 трлн теңгеге жетіп, жыл ішінде 13%-ға өсті. Қазақстандық банктердің қазіргі ұсыныстары мынадай:

Freedom Bank – цифрлық ипотека мен жаңадан салынған үйлерге арналған арнайы бағдарлама. Мөлшерлесі – 8,8%-дан басталады.

Altyn Bank15%-дан бастап, 175 млн теңгеге дейін.

ForteBank – 200 млн теңгеге дейін, 17,5%-дан басталатын мөлшерлемемен береді.

ЦентрКредит Банкінде ресми табысы жоқтарға да мүмкіндік беретін жинақтау ипотекасы бар.

Halyk Bank – несие сомасына шектеу қоймайды. ЖТСМ – 21%-дан жоғары.

Нұрбанк – «Нұр Шанырақ» бағдарламасы арқылы 8%-дан бастап төмен мөлшерлемемен береді.

Отбасы банк ипотека талаптарына өзгеріс енгізіп отыр.

Қай өңірлерде ипотека көп рәсімделеді?

Ипотекалық белсенділік бойынша көш бастап тұрған қалалар – Астана (1,8 трлн тг), Алматы (1,5 трлн тг) және Қарағанды облысы (378 млрд тг). Бұл қалаларда ипотекамен үй алғысы келетіндердің қарасы көп.

Жаңа талаптар банктер үшін – қаржылық тұрақтылық кепілі болса, қарапайым халық үшін – бюрократиялық кедергі. Осы орайда азаматтарға қаржылық тәртіп пен заңды табыс көзін дәлелдеудің маңыздылығы артып отыр. Енді «несие ала салу» кезеңі аяқталып, әрбір теңге үшін есеп беру дәуірі басталмақ.

Сондай-ақ оқыңыз