
Путин Трампқа украиналықтардың үстінен шағым айтқан. 7 мамырға қараған түні Қызыл алаңға шабуыл жасады деп арызданған.
Путиннің Трампқа жасаған шағымы туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеген.
Не үшін шағымданды?
RBC ақпаратына қарағанда, Украина Америкада жасалған зымырандармен Кремльге шабуыл жасаған.
«Мамыр айының 6-сынан 7-сіне қараған түні Украина ресей аумағына 524 әскери дрон ұшырған. Оның ішінде АҚШ-та жасалған Storm Shadow (британдық зымыран) де бар. Олардың дені Мәскеуге қарай ұшқан. Олардың бәрі де атып құлатылды. Кремль мен Қызыл алаң аймағында терактің алды алынды», – деп Ушаков Путиннің айтқан сөзін қайталаған.
Мәскеуге келмесін деген
Путин Трампқа Украинаның Жеңіс қарсаңындағы шабуылына шағымданған. Ресей президентінің айтуынша, украиналықтар осы арқылы Жеңістің 80-жылдығын тойлауға келген қонақтарды, шетелдік мемлекет басшыларын қорқытқысы келген. Оларды Мәскеуге келуден бас тартқызбақ болған.
Ушаковтың пікірінше, АҚШ пен Ресейдің президенттері соғыс кезіндегі АҚШ пен КСРО арасындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударған.
Трамптың уәжі
«Трамп қанды көйлес достық туралы біледі. Ол түсініксіз жайттарға байланысты бүгінде екі елдің бірге болмақ түгілі, бір-бірінен алшақтап кеткеніне өкініш білдірген», – деді көмекші.
Мұның алдында Тремп соғысты тоқтату үшін Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын.