
Қазақстандық «Ауру» фильмі халықаралық кино нарығына шықты. Сатылым Францияның Канн қаласында бастау алып отыр.
Фильмнің режиссері — Айтөре Жолдасқали. Ал продюсерлік жұмыстарды Қуаныш Бейсек басқаратын Tartaria Films компаниясы атқарған.
Картинаның оқиғасы «онкологиялық ауруға шалдыққан» әйелінің атына жалған қайырымдылық науқанын бастаған ерлі-зайыптылардың төңірегінде өрбиді. Басты рөлдерде Аян Өтепберген мен Дильназ Құрманғали ойнайды.
Бұған дейін «Іс-әрекет уақыты өтіп кеткендей сезіледі» (2023) және Seed of the Desert (2024) секілді фильмдердің сатуымен айналысқан француздық Loco Films компаниясы «Ауру» фильміне эксклюзивті дистрибьютор ретінде таңдалып отыр.
Loco Films пен Tartaria Films арасындағы келісім қазақстандық кино индустриясы үшін ерекше тәжірибе болды. Өйткені, қазақстандық «Ауру» фильмі халықаралық нарықтағы сатылымы картина толық аяқталмай жатып-ақ басталған.
Фильм Канн кинофестивалінің индустриялық платформасы — Marché du Film алаңында ұсынылды. Бұл жерде құқықтарды сату келісімдері жасалып, дайын және өндіріс кезеңіндегі жобалар таныстырылады.
Мұның алдында Қазақстанда прокаттан 2 млрд теңге жинаған «Дәстүр» фильмінің режиссері Қуаныш Бейсек тағы бір туынды ұсынған болатын.