Ұлыбритания, Франция және Канада Израильге қарсы санкция салатынын мәлімдеді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Израилге жасалған ескертуді Тель-Авив құлағына ілер емес / shutterstock
Израилге жасалған ескертуді Тель-Авив құлағына ілер емес / shutterstock

Ұлыбритания, Франция және Канада Израильге қатаң ескерту жасады. Әскери шабуылды дереу тоқтатуды талап етті.

СNN ақпаратына қарағанда, қан төгісті тоқтатып, гуманитарлық көмекті бөгей берсе, санкция салынатынын мәлімдеді.

Соңғы дерек бойынша 400 адам өлген

Израиль Газа секторында жаңа ауқымды әскери шабуыл бастады. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху Израильдің Газа секторын толық бақылауға алуға ниетті екенін мәлімдеді.

Палестина денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, соңғы бірнеше күнде 400-ден астам адам қаза тапты. 1000-нан астамы жарақат алған. Тек өткен дүйсенбіде 136 адам көз жұмыпты.

Келіссөз өтіп жатыр

БҰҰ-ның гуманитарлық көмек басшысы Том Флетчер азық-түлік жеткізілімін «мұқтаждықпен салыстырғанда теңізге тамған тамшы» деп бағалады.

Осы уақытта Қатар астанасы Дохада Израиль мен ХАМАС арасындағы тікелей емес келіссөздер өтіп жатыр.

Қаза болғандардың дені – әйелдер мен балалар

2023 жылғы 7 қазанда басталған соғыстан бері Газада 53 000-нан астам адам қаза тапқан. Олардың басым көпшілігі — әйелдер мен балалар. Израильге жасалған халықаралық қысымды Нетаньяху құлаққа ілер емес.

Израиль армиясы 23 наурызда Газаның оңтүстігінде гуманитарлық миссия құрамындағы бір топ адамды қателесіп атып өлтіргенін мойындаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз