«Бәрі Ресей туының астында болады» – Жириновскийді сәуегей дейтін ресейліктер көбейді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Олардың ойынша, Жириновскийдің Ресей болашағына қатысты айтқандары дәл келе бастаған / / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Олардың ойынша, Жириновскийдің Ресей болашағына қатысты айтқандары дәл келе бастаған / / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Жириновскийді сәуегей деп танитын ресейліктердің қарасы көбейіп жатыр. Тірі күнінде айтқан сөздері әлі өзекті деп біледі.

Олардың ойынша, Жириновскийдің Ресей болашағына қатысты айтқандары дәл келе бастаған. Бұған Трамп пен Путиннің телефон арқылы сөйлескені түрткі болып отыр.

Блогер нені меңзеді?

Lenta ақпаратына қарағанда, ресейлік блогер Кирилл Федоров марқұм саясаткердің алты жыл бұрын айтқан сөздерін жариялады. Жириновский 2019 жылы Путин мен Трамп келіссөз жүргізіп, Украинаның болашағы туралы ортақ байламға келеді деп айтқан еді.

Ол АҚШ-тың Украинаның шығысы – «Новороссияны» Ресейдің жері деп танитынын болжаған.

«Бәрі Ресейдің туының астында болады»

Оның айтуынша, Трамп АҚШ-тың Ресеймен қарым-қатынасын түзеп, Еуропаға қысым жасайды.

Жириновскийдің сәуегейлігіне сенсек, Мәскеу әлемдегі бес саяси орталықтың бірі болмақ. 2050 жылға қарай, әлемді бөліске түскеннен кейін, Ресей дәуірлей түседі.

«Бәрі де Ресейдің туының астында болады. Қырым мен Донбасс секілді», – деп мәлімдеген еді Жириновский.

«Орталық Азия, Түркия, Иран Ресейдің ықпалында болады»

«Ресей барлық халықаралық және геосаяси шешімдерге қатысады. Белгілі бір аймақтарды бақылайды. Орталық Азия, Түркия, Иран және Ауғанстан Ресейдің ықпалында болады», – деп тұспал жасапты Жириновский. Оның бұл пікірін таяуда саясаткердің қызы Боцан-Харченко жария еткен.

Жириновскийді сәуегей деп сенетін ресейліктер он «Вованга» деп атай бастады.

Мұның алдында Жириновскийге Алматыда ескерткіш орнатылады деген қауесет тарады. Депутар Ринат Зайытов онда дау туатыны туралы мәлімдеме жасаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз