Еуроодақ Ресейге қарсы кезекті санкциялар пакетін бекітті

Еуроодақ кеңесі Ресейге қарсы 17-санкциялар пакетін бекітті. Бұл туралы Еурокомиссия төрағасының орынбасары Кая Каллас хабарлады.
Ол санкция аясында ресейлік «көлеңкелі флотқа» қатысы бар деген 200 кемеге шектеу енгізді. Одан бөлек, санкцияны айналып өтуге тырысқан 30 компания және әскери-өндіріс кешеніне қатысы бар деген 75 тұлға да «қара тізімге» кірген.
FT жазуынша, ресейлік көлеңкелік флотпен қатысы бар деген 149 мұнай танкерлеріне де шектеу салды. Түркия, БАӘ, Сербия, Өзбекстан және Вьетнамнан шыққан компанияларды да осы тізімге кіргізіп отыр.
Бұл неге маңызды?
Еуроодақ осы санкциялар арқылы Ресейді Украинамен ымыраға келуіне мәжбүрлеуге тырысып жатыр. Санкциялар пакеті елдің ресурс нарығына, мұнай-газ, қаржы секторына бағытталған. Алдағы уақытта тағы бір шектеулер дайындап жатыр. Ол жерде Ресей банктеріне қатысы бар деген елдердің қаржы ұйымын да қара тізімге енгізбекші.