Жол апатына кінәлі болған жүргізушілер де сақтандыру төлемін ала ма?

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
сақтандыру төлемі
Жол апатына кінәлілерге сақтандыру төлемі беріле ме/ Фото: ашық дереккөзден

Әрбір автокөлік иесінде азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру полисі (МАҚЖ) болуы міндетті. Ал заң бойынша, сақтандыру полисі тек жол апатынан зардап шеккен көлік иесіне ғана беріледі. Ал кінәлі адамға көлігіне зиян тигені үшін төлем қарастырылмаған.

Бірақ көлігіңізді қалпына келтіру үшін сақтандыру төлемін алғыңыз келсе, онда ерікті автосақтандыру полисін (КАСКО) рәсімдей аласыз. Бірақ ескеретін нәрсе бар.

Егер жүргізуші қасақана немесе заңсыз әрекетінен кейін машинасына зиян келсе сақтандыру төленбейді. Аумақтық шектеулерде болуы мүмкін екенін ұмытпаңыз.

КАСКО төлемін алу үшін:

  • Апат болған кезде КАСКО сақтандыруының мерзімі өтпеуі керек
  • Құжаттар дұрыс рәсімделуі тиіс
  • Сақтандыру компаниясына апат туралы бірден ескертіңіз

Егер деректер қате көрсетілсе, толық емес болса, сақтандыру төлемі берілмеуі де мүмкін.

Ал автосақтандыру рәсімдеудің ең тиімді жолын білгіңіз келсе, мына материалды ұсынамыз.

Сондай-ақ оқыңыз