Тимур Турлов, Динара және Тимур Құлыбаевтар дәулеті артты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстанның бай адамдарының дәулеті артты / фото: REUTERS/Jo Yong-Hak
Қазақстанның бай адамдарының дәулеті артты / фото: REUTERS/Jo Yong-Hak

NASDAQ қор биржасында Freedom Holding Corp. акциялары бір тәулікте 2,43%-ға көтеріліп, 180,28 доллар болды. Компанияның нарықтық капиталы да көтерілді – 10,93 млрд доллар. Ал Тимур Турлов дәулеті Forbes рейтингінде 7,7 млрд долларға жетті.

FRHC акциялары бір тәулікте шамамен 4 долларға қымбаттады. Осылайша компанияның құнды қағаздары бір айдың ішінде шамамен 55 долларға өсті. Бір ай бұрын – 21 сәуірде FRHC шамамен 126 долларға саудаланған.

Осының арқасында компанияның нарықтық капиталы 10,93 млрд долларға жетті. Бір күн бұрын ғана мұндай көрсеткіш 10,67 млрд доллар болған.

Forbes-тің ғаламдық онлайн рейтингінде де Тимур Турлов дәулеті тағы бірнеше миллионға артып, 7,7 млрд долларға жетті. Қазақстанның ең бай адамының дәулеті бір күнде шамамен 200 млн долларға артты.

Осы аптада Динара мен Тимур Құлыбаевтардың да дәулеті 180 млн долларға өсті. Соның арқасында ерлі-зайыптылар Владимир Кимді қуып жетіп қалды.

Қазақстанның ең бай жеті адамы Forbes-тің ғаламдық онлайн рейтингінде былайша орналасты:

  • Тимур Турлов – 7,7 млрд доллар (422-орын);
  • Вячеслав Ким – 7,1 млрд доллар (476-орын);
  • Владимир Ким – 5,7 млрд доллар (631-орын);
  • Динара Құлыбаева – 5,6 млрд доллар (649-орын);
  • Тимур Құлыбаев – 5,6 млрд доллар (651-орын);
  • Болат Өтемұратов – 3,7 млрд доллар (1026-орын).

2025 жылғы сәуірде Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов Қазақстанның ең дәулетті адамы атанды.

Сондай-ақ оқыңыз