Отбасы банк ипотека талаптарына өзгеріс енгізді

2 маусымнан бастап «Отбасы банк» алдын ала және аралық несиелерді мерзімінен бұрын өтеуге шектеу енгізеді.
Енді несие мерзімінен бұрын өтелсе, депозитті келесі ипотекаға сақтау мүмкін болмайды. Бұған дейін оған рұқсат етіліп келген болатын.
Не өзгереді?
Қазіргі жүйе бойынша:
- Салымшы несиесін мерзімінен бұрын жапса, депозиті сақталады және оны жаңа ипотека алуға қайта қолдануға болады.
2 маусымнан кейін:
- Егер алдын ала немесе аралық несиені толық өтесеңіз, салым толық қарызды жабуға жұмсалады. Осылайша шарт бұзылады, депозит жабылады. Қайта қатысу үшін жаңадан депозит ашып, қайтадан жинақтау қажет болады.
Мұның мәні неде?
Отбасы банктің жүйесі — бұл жай ғана ипотека емес. Бұл — тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесі, яғни бір салымшының ақшасы екінші бір қатысушының несиесіне жұмсалады. Бұл жүйе ұзақмерзімді және адал қатысушыларға негізделген. Алайда соңғы жылдары бұл жүйе «несие айналым құралына» айналып кетті. Клиенттер несие алып, оны жылдам өтеп, сол салымды қайта пайдаланып отырды.
Нәтижесінде, ақша банкте ұзақ тұрақтамайды, жаңа салымшыларға қаражат жетпей қалады. Мұның салдарынан 3 жылдан аса уақыт адал жинаған салымшылар да ұтылатын жағдайлар кездесіп жатады.
Қарапайым мысал:
Егер клиенттердің жартысы ипотека алып, оны 2 ай ішінде жауып тастаса, жүйеде ұзақмерзімді қаражат айналымы болмайды. Ал мұндай тұрақсыз жүйеде Отбасы банк төмен пайызбен жаңа несие бере алмайды.
Неліктен шектеу енгізілді?
Отбасы банк түсіндіруінше, бұл өзгерістердің мақсаты бір депозитті бірнеше рет пайдалану жүйенің негізгі қағидаларына қайшы келеді. Жүйенің тұрақтылығын сақтау үшін жинақтар ұзақмерзімді болуы қажет. Осылайша барлық салымшы үшін әділетті және тұрақты жүйе қалыптасады.
Айта кетейік, Отбасы банк ағымдағы есепшот ашпайды. otbasybank.kz сайтында да, Otbasy Bank мобильді қосымшасында ол жеке операция ретінде жүргізілмейді.