9-11 сынып оқушылары аттестатты қашан алады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Түлектердің аттестат алу мерзімі бекітілді / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Республика мектептерінде негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды табыстау рәсімінің мерзімі бектілді.

«Аттестаттарды табыстау рәсімі 18-20 маусым аралығына белгіленді. 9-шы және 11-сынып бітірушілерінің қорытынды емтихандары 29 мамыр – 16 маусым аралығында өткізіледі»,– деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, биыл оқу жылын 3,9 млн оқушы аяқтағалы отыр. Оның ішінде бастауыш сыныпты – 391 мың, негізгі мектепті– 364 мың бала аяқтайды. Мектеп бітірушілер саны – 217 мың. Оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлер саны алдыңғы жылдардағыдай 5%-ды құрап отыр.

Еске салайық, осы оқу жылының соңғы қоңырауы 23-ші немесе 24 мамыр күні соғылады. Барлық мектептер үшін соңғы оқу күні ретінде 23 мамыр бекітілген. Бұл күні ел мектептерінде «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі. Ашық сабақ барысында оқушылар мен ұстаздар оқу жылын қорытындылап, ең маңызды әрі қызықты сәттерді бірге еске алады.

Бұдан бөлек, соңғы қоңырауға ақша жинауға және мұғалімдерге сыйлық беруге мектептерде тыйым салынып жатырБұдан бөлек, басқа да қатаң шаралар бар.

Сондай-ақ, елдегі соңғы қоңырау күні өзгеруіне байланысты ҰБТ мерзімдері кейінге шегерілді. Жаңартылған кестеге сәйкес, 23 мамырға тіркелген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады. 24 мамырға өтініш бергендер үшін 1 маусымға ауыстырылды.

Сондай-ақ оқыңыз