Экс-дипломат Сәкен Мамаш ісі сотқа түсті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Сәкен Мамаш ісі сотқа түсті/коллаж kursiv.media

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі болған Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс сотқа түсті, деп хабарлайды KursivMedia.

Ақпаратты Астана қаласы соты растады. Қылмыстық іс Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта қаралады.

Айта кетейік, 2024 жылдың мамырында БАӘ-дегі қазақстандық дипломаттың әйелі 10 жыл бойы күйеуінен қорлық көргенін айтып, мемлекеттен көмек сұраған видео жариялады. Содан кейін Сәкен Мамаш шұғыл түрде елге қайтарылды.

Ал сотқа дейінгі тергеуді Астананың Есіл ауданы полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 110-бабы (қинау) бойынша жүргізді.

Бастапқыда 2025 жылдың 18 сәуірінде қылмыстық іс айыптау актісімен бірге Астана прокуратурасына жолданған. Күдіктінің қорғаушысының өтініші негізінде іс құжаттары 27 наурызда қосымша тергеу жүргізу үшін полицияға қайтарылған.

Сәкен Мамаш 2025 жылдың 4 сәуірінде қамауға алынды.  

Сондай-ақ оқыңыз