Шерзат ісіндегі сотталушының бірі қандай жағдайда ұсталғанын айтты

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Дархан Әскентай тергеу барысында қандай жауап берген/фото: kursiv.media

Талдықорғанда жасөспірім Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот отырысы өтті. 21 мамырдағы сот отырысында сотталушылардан жауап алу аяқталып, олардың тергеу барысында берген жауаптары түсірілген видео көрсетілді деп хабарлайды KursivMedia.

Арасында сотталушы Дархан Әскентайдың тергеу барысында бергеу жауабы көрсетілді. Ол сотталушылардың арасында тек Нұрбол мен Азамат Тоқтаубаевты танитынын айтқан.

«…Пышақты көрген жоқпын. Марқұмды (Шерзат Полат – ред.) бір-екі рет теуіп жатқанын көрдім. Көлікке отырып кетіп бара жатқан кезде марқұмның достары тас лақтырды. Артқы әйнек сынды. Нұрболдың үй жағына бара жатқанда бізді полиция ұстады. Көлікте Нұрбол Тоқтаубаев екеуміз ғана болдық. Қашқан жоқпын», – деген Әскентай.

Ол тергеу барысында ешкімді ұрмағанын айтты. Айтуынша, Шерзат Полат Дархан Әскентайдың көзінен ұрған.

Бұған дейін сотталушы Абзал Шынасыл Нұрқанат Ғайыпбаевтың жамбасына үш рет пышақ сұғып алғанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз