Шерзат Полаттың денесінен қандай жарақат анықталған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Шерзат сотында іс құжаттары зерттеліп жатыр/фото: kursiv.media

Шерзат Полаттың қазасына қатысты қылмыстық істе сот іс құжаттарын зерттеуге көшті. Іс құжаттарын мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай оқып жатыр, деп хабарлайды KursivMedia.

Құжаттарды оқу барысында Шерзат Полаттың мәйітін қарап зерттеу кезіндегі хаттама оқылды. Соған сәйкес, мәйітті қарау барысында марқұмның көздері жартылай жабық жатқан.

«Мәйіттің оң жақ бетінде қызыл қоңыр түсті қан дақтары және көгерген іздері бар. Мәйіттің үстінгі ернінде қызыл қоңыр түсті қан дақтары бар. Сол қолының бесінші саусағында бір см жарақат бар. Оң қолының білек тұсында жарақат бар. Мәйіттің арқасының қабырға тұсында 2-2,5 см өткір затпен кесілген сұғылмалы-кесілмелі жарақат орны бар. Мәйітті қарау кезінде басқа көзге түсетін дене жарақаты анықталмады», – деп оқыды прокурор.

Сондай-ақ оқыңыз