Миллиардер Кимнің компаниясы Қапшағай жағасындағы жер телімін сатып жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Миллиардер Эдуард Ким мен Ренат Исмаиловқа тиесілі «Фаэтон» компаниясы Қапашағай су қоймасының жағалауындағы жерінің жартысын сатпақ. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы сайтындағы хабарламада жазылған.

Хабарламада жер телімі Қапшағай су қоймасының сол жағалауында орналасқаны жазылған. Жер телімін иелену құқығының жартысын Qaz Prod Line компаниясы сатып алмақ.

Ашық дерекөз ақпаратына сәйкес, «Фаэтон» компаниясының 80% үлесі Эдуард Кимге тиесілі болса, қалған 20%-ын Ренат Исмаилов иеленеді. Ал жер телімі құқығының жартысын сатып алған компанияның құрылтайшысы – Таронишвили Даниил.

Эдуард Ким Қазастандағы ең бай 75 кәсіпкердің қатарына кіреді. Ол 190 млн доллар байлығымен Forbes тізімінде елуінші орында тұр. Кәсіпкер – Қазақстан мен Қырғызстанда электроника мен тұрмыстық техника сататын Technodom дүкендер желінің иесі.

Ұлы Даниэльмен бірге Алматы қаласындағы Airba Fresh маркетплейсін иеленеді. Сонымен қатар оның «Фаэтон компаниясы» ЖШС, «Технодом Сервис» ЖШС, «Satu Ca» ЖШС және «Сфера Знаний» ЖШС секілді компанияларда да үлесі бар.

Бұған дейін Қапшағай жағажайындағы жер телімі қытайлардың қолына өткенін жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз