Мысыр әуежайында қайтыс болған әйелдің денесі жақында елге жеткізіледі

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Әлібек Қуантыров
Әлібек Қуантыров Египетте қайтыс болған әйелдің денесі қашан елге жеткізілетіні айтты / primeminister.kz

Мысырдың Шарм-әл-Шейх әуежайында болған қайғылы оқиға салдарынан қайтыс болған әйелдің денесі жақында Қазақстанға жеткізіледі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров мәлімдеді

Әлібек Қуантыровтың айтуынша, марқұмның денесі бүгін Қазақстанға жөнелтіледі. Египеттің азаматтық авиация министрі бұл мәселені жеке бақылауына алған.

«Менің білуімше, денені тасымалдау шығындарын египеттік тарап өз мойнына алған. Моральдық өтемақы мәселесі де шешілді. Бұған қоса, бұл сапарды сақтандырған қазақстандық сақтандыру компаниясы да іске араласты. Оқиға кезінде жеңіл жарақат алған екі азаматша да елге оралды», — деді Әлібек Қуантыров Мәжіліс кулуарында журналистерге берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, Мысырдың халықаралық әуежайында жаранама тақтайшасы құлап, бір адамның қаза тауып, екі әйелдің зардап шеккен айтылған болатын. 

СІМ мәліметінше, Мысыр тарапы Қазақстан азаматының қайғылы қазасына байланысты көңіл айтып, елдің Азаматтық авиация министрі оқиғаны жеке бақылауына алған. Бұл оқиғадан кейін жедел комиссия құрылып, әуежайда тергеу амалдары басталған. Смадияров бұл жағдай министрліктің ерекше қадағалауында болатынын мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз