Каспий құбырына шабуыл: Қазақстан Украинадан жауап күтіп отыр

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қазақстан Украина
Каспий құбырына шабуылға қатысты Қазақстан Украинадан жауап күтіп отыр / Фото: kursiv.media

Қазақстан Украина дрондарының қазақ мұнайын тасымалдайтын ірі құбыр жүйесіне шабуылына қатысты жауап күтіп отыр. Каспий құбыр консорциумы құбырына қайта шабуыл жасама, мәселе қайта көтерілмек. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров журналистердің сұрағына жауап бере отырып айтты.

«Біз өз сөзімізді Украина жағына жеткіздік. Олар бұл жағдайдан хабардар. Иә, шабуылдар болды, бірақ қазіргі кезде КҚК қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Қазақстан өз мұнайын экспорттап жатыр. Егер мұндай жағдай қайталанса, мәселені қайта көтереміз», — деді ол.

Сыртқы істер министрінің тағы бір орынбасары Ақан Рахметуллин бұл мәселе бойынша Украинадан нақты жауап болмағанын айтты:

«Біз бұл алаңдаушылықты Украина жағына жеткіздік. Еске салып отырамыз. Әрине, бұл әрекет елшіліктер арқылы жүргізіледі. Жауап әлі түскен жоқ. Жуық арада жауап болады деп те ойламаймын. Бірақ біз бұл мәселені ұмытқан жоқпыз», — деді ол.

24 наурызда Украина КҚК-ның Краснодар өлкесіндегі «Кропотская» мұнай айдау станциясына соққы берді. Бұған дейін, 19 наурызда, Кавказская елді мекеніндегі мұнайды теміржол цистерналарынан құбырға құюға арналған нысан шабуылға ұшыраған. Бұл инфрақұрылым КҚК-ның негізгі экспорттық жүйесінің бір бөлігі саналады, және Қазақстан үшін стратегиялық маңыздыны нысан.

Сондай-ақ оқыңыз