Қазақстанда шетелдік үлесі бар компаниялардың саны азайған

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қанша Ресей компаниясы бар
Қазақстанда қанша Ресей компаниясы бар / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылдың басынан бері елімізде 600-ден аса шетелдік компания жұмысын тоқтатты. Олардың ішінде ресейлік бизнес көш бастап тұр. Ал Қытай мен Өзбекстаннан келген кәсіпкерлер Қазақстанға келіп жатыр.

Ұлттық статистика бюросының 1 мамырдағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда шетелдік қатысуы бар 44 351 заңды тұлға тіркелген. Жыл басынан бері олардың 644-і жұмысын тоқтатқан. Бұл компаниялардың көпшілігі шағын бизнеске жатады: олардың саны 617-ге азайған. Орта бизнес 12 ұйымға, ал ірі бизнес 15 компанияға кеміді.

LS басылымының жазуынша, 2025 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстандағы ресейлік үлесі бар 873 компания жабылған. Бұл — шетелдік ұйымдар арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Нәтижесінде, елімізде ресейлік қатысы бар тіркелген заңды тұлғалар саны 17,9 мыңға дейін азайды. Украинадағы соғыс басталғалы, ресейлік компаниялардың саны 9 тоқсан қатарынан күрт өсіп отырған болатын.

Жабылған кәсіпорындардың ішінде түрік капиталы бар 154 компания, қырғызстандық 161, украиналық 44 және оңтүстіккореялық 43 ұйым бар.

Ал керісінше, Қытай мен Өзбекстаннан келіп тіркелген кәсіпорындар саны артып отыр. Атап айтқанда, Қытаймен байланысты ұйымдар саны 465-ке көбейіп, 4,1 мыңға жетсе, Өзбекстан тарапынан 527 жаңа кәсіпорын ашылып, жалпы саны 4,9 мыңға жеткен.

Сондай-ақ оқыңыз