Қазақстандық компаниялар Ресейдің санкцияны айналып өтуіне көмектесіп жатыр ма

Қазақстандық компаниялар Ресейдің санкцияны айналып өтуіне көмектесіп жатқан жоқ. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин айтты. Дегенмен ондай қауіп бар екенін де жоққа шығармады.
Журналистер шенеуніктен Қазақстан компанияларының Ресейдің санкцияны айналып өтуіне көмектесіп жатқаны туралы ақпаратқа Сыртқы істер министрлігі жуап берді ме деп сұрады.
«Негізгі екі санция тізімі бар. Біреуі АҚШ-тың Ресейге салған санкциялары болса, екіншісі – ЕуроОдақтікі. Бұл ретте Қазақстанның санция талаптарын сақтау тұрғысынан әріптестермен қарым-қатырасы жақсы. Күмәнді жолдармен тауар тасымалдап, отандық өндірушілердің беделіне нұқсан келтіргіміз келмейді», – деді ол.
Сырты істер министрлігі бұл мәселен қатаң қадағалап отырған көрінеді. Санкцияға іліккендерді тізімі келіп түскен соң, тараптармен кеңес өткізеді. Қандайда бір күдік тудыратын компания болса, бірден қадағалауғы орғандарға хабар жіберіледі.
Жыл басында қазақстандық екі компания ЕуроОдақтың Ресейге қарсы салған кезекті санкциясына іліккен. Бұл компанияларға ЕО «Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешенін қолдап жүр» деп айып тағылған болатын.
Мәжіліс кулуарында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қос компания қазіргі кезде экспортпен айналыспайтыны мәлімдеді.