
Димаш Құдайбергеннің өнері шетелдік тыңдармандардың жүрегіне жол тауып қана қоймай, олардың өміріне үлкен өзгеріс әкеліп жатыр. Соның бір айғағы – Швейцариядан шыққан жанкүйер Эстер Ульманның жаңа кітабы.
Бұл туынды – Димашпен рухани байланыс, қазақ мәдениетіне деген сүйіспеншілік және жүрекке жылу сыйлаған сапарлар туралы шынайы естеліктер жинағы.
Автор кітапта Қазақстанға жасаған сапарлары, ұлттық салт-дәстүрмен алғаш рет танысқан сәттері, қазақ халқының қонақжайлығы мен мейірімін қалай сезінгенін баяндайды.
Эстердің айтуынша, Димаштың музыкасы оның өміріне жаңа мағына сыйлаған.
«Музыка – шекара мен тілге бағынбайтын күш. Мен Димаш арқылы Қазақстанды таныдым, өмірдің мәнін тапты», – дейді Эстер.
Эстер Ульман Швейцария елінің тумасы Қазақстанға алғаш рет 2022 жылы Алматыда өткен Димаштың концертіне келді. Одан кейін жыл сайын Қазақстанға сапар жасап, қазақ елінің мәдениетімен танысып, басқа да өңірлерді аралаған.
Жоба авторы Әділет Төлеудің айтуынша, «Димаш және Қазақстан: менің өмірімді қалай өзгертті» атты кітабы екі тілде жарық көрді. Сондай аталмыш кітаптың тұсаукесері 25 мамыр күні сағат 11:00 де Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада өтеді.
Еске сала кетейік, 26 мамыр күні Димаш Құдайберген Алматыда фан-кездесу өткізеді.