Роналду әлде Месси: футбол тарихындағы үздік 10 футболшы анықталды

Жарияланды 21 Мамыр 2025 16:31

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Роналду әлде Месси: футбол тарихындағы үздік 10 футболшы анықталды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) футбол тарихындағы ең үздік 10 ойыншының рейтингін жариялады. Рейтингтің көшін аргентиналық Лионель Месси бастады.

Футбол королі атанған, үш дүркін әлем чемпионы Пеле бұл тізімде екінші орынға жайғасты. Үздік үштікті аргентиналық тағы бір аңыз ойыншы – Диего Марадона түйіндеп отыр.

Тарихтағы үздік 10 футболшы (IFFHS нұсқасы):

1. Лионель Месси (Аргентина)
2. Пеле (Бразилия)
3. Диего Марадона (Аргентина)
4. Криштиану Роналду (Португалия)
5. Йохан Кройф (Нидерланды)
6. Роналдо (Бразилия)
7. Зинедин Зидан (Франция)
8. Франц Беккенбауэр (Германия)
9. Альфредо Ди Стефано (Испания)
10. Роналдиньо (Бразилия)

Мессидің жетістіктері

Лионель Месси бұл тізімде статистикалық көрсеткіштерге сүйене отырып бірінші орынға шықты. Месси клубтық және ұлттық деңгейде жалпы 46 титул жеңіп алған. Оның ішінде 35 жүлде «Барселонамен», 3 – ПСЖ қатарында, «Интер Майами» құрамында – 2 және Аргентина сапында (барлық жас категориялары есепке алынды)

Жеке марапаттары да аз емес: Месси – 8 мәрте «Алтын доп» иегері және тарихтағы ең көп марапат алған футболшы ретінде аталып отыр.

Роналду үздік үштікте жоқ

Тізімде португалдық Криштиану Роналдудың төртінші орынға орналасуы қоғамда қызу пікірталас туғызды. Роналду ресми есеп бойынша тарихтағы ең көп гол соққан ойыншы (935 гол), Еуропа чемпионы (2016), көптеген клубтық жетістіктерге қол жеткізгенімен, Әлем чемпионатында жеңіске жетпеген.

IFFHS рейтингіне Испания атынан бірде-бір ойыншы кірмеген, ал Аргентина мен Бразилиядан үш ойыншыдан бар. Аргентина атынан – Месси, Марадона және Ди Стефано; Бразилиядан – Пеле, Роналдо және Роналдиньо.

Бұл рейтинг футбол әлеміндегі даулы тақырыптардың бірі болып, жанкүйерлер арасында түрлі пікірлерді туғызуда. Десе де, IFFHS ұйымы нақты статистика мен жетістіктерге сүйеніп шешім қабылдағанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз