Жаңалықтар

Зеленский мен Путин Ватиканда кездесуі мүмкін

Зеленский мен Путин Ватиканда кездесуі мүмкін / фото: ашық дереккөз

Ватикан Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтату мақсатында екі елдің көшбасшыларын тікелей келіссөзге шақырды. Бұл туралы Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига мәлімдеді.

Мемлекет басшылары деңгейінде тікелей байланыс орнату туралы ұсынысты Ватикан білдірді. Украина мұндай кездесу өтетін орынды қарастыруға дайын, — деді Сибига Брюссельде өткен жиында.

Министрдің айтуынша, Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен де кездесуді жоспарлап отыр. Жақында Трамп Зеленскиймен және Путинмен жеке-жеке телефон арқылы сөйлескен. Ресей басшысымен екі сағатқа созылған келіссөзден кейін Трамп өзінің әлеуметтік желісінде «Мәскеу мен Киев дереу келіссөздерге кіріседі» деп мәлімдеді.

Бұл процестің басталғанына қуаныштымын. Ватикан мен Рим Папасы бұл кездесуді ұйымдастыруға ниетті, — деп жазды Трамп.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей Ыстанбұлда өткен келіссөздер кезінде Украинаға бес шарт ұсынған болатын. Ал Ватиканда жаңа Рим Папасы өз қызметіне кірісу салтанатында Украина мен Ресей арасындағы қақтығысқа алаңдаушылық білдіріп, бейбітшілікке шақырды.