Жаркент горнизонында қаза тапқан офицердің туыстары шындықты талап етіп отыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жаркент гарнизонында қаза тапқан сарбаздың туыстары шыңдық іздеуде / фото: shutterstock

Жетісу облысы, Жаркент қаласындағы әскери гарнизонда қаза тапқан капитан Дархан Дәулеттің қарындасы болған жайтқа қатысты өз пікірін білдіріп, шыңдықты талап етіп отыр. Қарындасының айтуынша, ағасын үш сарбаз азаптап өлтірген. Сондай-ақ бұл жайтқа әскери бөлім басшылығы мен кезекшілер салғырттық танытқанына наразы.

«Ол күні ағам түнгі кезекшілікте болды. Оған 3 сарбаз келіп, аяқ-қолын байлап, аузын былғары қолғаппен жауып, азаптап өлтірген. Бірақ бұл жайтқа сол күнгі кезекшілер, патрульдік топ, жауапты көмекшілер неге дер кезінде әрекет етпеді? Әр бөлімде кезекшілер бар, бәрі қайда қарады? Неге ешкім оның жоғалғанын байқаған жоқ?», — дейді марқұм сарбаздың қарындасы.

Туыстарының айтуынша, капитан Дәулет Жаркентке Отардан ауысып келген. Сондай-ақ ауысқаннан кейін, оның психологиялық жағдайы нашарлағанын байқап, бұл оқиғаға үш сарбаз бен майордың тікелей қатысы бар деп отыр.

Оқиға әлеуметтік желіде кеңінен тарап, Жаркент қаласының әкімдігіне де туыстары шағымданғаннан кейін ғана үш сарбаз бен майор ұсталғаны хабарланды. Бірақ марқұмның туыстары басқа офицерлер мен бөлімдегі жауапты тұлғалардың қайда екенін және неге олар жауапқа тартылмағанын сұрап отыр.

Бар болғаны төрт адам ғана жауапты ма бүкіл полкта? Қалған офицерлер қайда қарады? Ағам көмекке шақырып бақырған шығар, бірақ ешкім естімеді, ешкім көмекке бармады. Бұл қалай болғаны?, — деп ашына сөйлейді қарындасы.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесі

Қорғаныс министрлігі, Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери қызметкер 14 қараша күні жоспардан тыс сабақ өткізу кезінде қаза тапқан.

«2024 жылдың 14 қарашасында диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізу барысында қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері алған жарақатынан қайтыс болды»,- делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Туыстардың айтуынша 29 мамыр күні Астана қаласында ашық сот өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз