500 мың теңге пара алған шенеунік 15 млн теңге айыппұл төледі

Жетісу облысының Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы А.Сағымбеков электр энергиясын тасымалдау тарифін жасанды жолмен көтергені үшін сотталды деп хабарлайды KursivMedia басылымы.
«Талдықорған қалалық соты облыс бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы А.Сағымбековке және «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ басқарма төрағасы А.Күзембаевқа қатысты үкім шығарды», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.
Не үшін сотталды?
Сағымбеков пара алғаны үшін сотталса, ал квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы – 2025 жылға арналған өңір халқы үшін электр энергиясын тасымалдау тарифін көрінеу көтергені үшін сотталып отыр. Күзембаев өз мақсатына жету үшін Сағымбековке 500 мың теңге сомасында пара берген.
Қандай жаза тағайындалды?
Сот шешімімен Сағымбеков пара алған үшін 15 млн теіге айыппұл төлеуге міндеттелді. Ал Күзембаев пара берген үшін 10 млн теңге айыппұл түріндегі жаза алған.
Екеуі де мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылған.
Айта кетейік, сәуірде Антикор пара алған ақтөбелік шенеуніктің 1 млн теңге пара алғаны үшін 35 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелгені туралы хабарлаған болатын.