Алматыда Абай даңғылын ұзарту жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Абай даңғылын
Алматыда Абай даңғылын ұзарту ұзарту жұмыстары жүріп жатыр / Фото: shutterstock

Алматыда Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жолдар 20 мамыр күні түнгі 11-ден бастап 23 мамырға дейінгі аралықта Абай даңғылының Алатау көшесінен Строительная көшесіне дейінгі аралығы шектеледі. Жұмыс жүріп жатқан учаскені Алатау көшесі арқылы айналып өтуге болады.

Ал 22 мамырдан 27 мамырға дейінгі аралықта Қ.Медеубеков көшесіндегі қиылыста жол жабылады. Бұл учаскені У.Қараманов, Грушовая, Виноградов көшелері арқылы және Строительная көшесімен айналып өту жолдары қарастырылған.

Әкімдік Абай көшесін қала шекарасына дейін ұзарту жобасы жүріп жатқанын, даңғылдың осы жылы толық ашылатынын хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыз