Астанада шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы өтіп жатыр

Астанада шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы өтіп жатыр. Бұл туралы шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Астанада классикалық шахматтан Қазақстан Республикасының 2025 жылғы чемпионатының финалы басталды», – делінген баспасөз хабарламасында.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, турнир желтоқсан айында емес, мамырда өткізілген. Шахматқа қатысты ұйымдастырылған шаралардың көптігіне байланысты чемпионат кейінге шегеріле берген. Бұл аралықта Қазақстанның юниорлар чемпионаттары, юниорлар мен мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионаттары, ҚРЧ-2025 жартылай финалы, Азияның аймақтық чемпионаты және Азияның жеке чемпионаты ұйымдастырылған. Бұл шаралар ойыншылардың мол тәжірибе жинауына жол ашқан.
Бұл чемпионатқа мынадай шара жеңімпаздары автоматты түрде іріктелген:
- ҚРЧ-2024 қорытындысы бойынша үздік бес шахматшы,
- ҚРЧ-2025 жартылай финалының үш жеңімпазы,
- юниорлар (18 жасқа дейін және 20 жасқа дейін) арасындағы Қазақстанның екі чемпионы,
- ҚШФ Жаттықтырушылар кеңесі ұсынған төрт номинант.
Чемпионат шарттары
Финал екі санатта өткізіледі.
- Open (ашық);
- Women (әйелдер арасында).
Әр санатқа 14 шахматшы қатысады. Турнир — 13 турдан тұрады. Уақыт бақылау нұсқасы – 90 минутты құрайды. Әр жүріс үшін біріншісінен бастап 30 секундтан қосылып отырады.
Жүлде қоры қандай?
Жалпы жүлде қоры – 20 миллион теңгені құрайды. Бұл қаражат жеңімпаздар арасында былай бөлінеді:
- 1-ші орын иеленген жеңімпазға – 3 000 000 теңге;
- 2-ші орын иеленген жеңімпазға – 2 000 000 теңге;
- 3-ші орын иеленген жеңімпазға – 1 500 000 теңге;
- 4-ші орын иеленген жеңімпазға – 1 200 000 теңге;
- 5-ші орын иеленген жеңімпазға – 900 000 теңге;
- 6-шы орын иеленген жеңімпазға – 700 000 теңге;
- 7-ші орын иеленген жеңімпазға – 500 000 теңге.
Әйелдер санаты

Бұл санат бойынша орташа рейтинг — 2181.
«Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Өткен жылдардағы үш чемпион, Азия чемпионатының жүлдегерлері және 3.4 Аймағы финалының жеңімпаздары чемпион атағын сарапқа салып жатыр. Сондай-ақ жарысқа ұлттық деңгейде тамаша нәтиже көрсеткен юниор қыздар да қатысуда», – делінген баспасөз хабарламасында.
Қатысатын қыздар құрамы мынадай:
- IM Меруерт Камалиденова (2345, Астана)
- WIM Әмина Қайырбекова (2344, Астана)
- WGM Алуа Нұрман (2338, Алматы)
- WGM Ксения Балабаева (2311, Алматы)
- WFM Елназ Қалиахмет (2258, Алматы обл.)
- WGM Лия Құрманғалиева (2246, Алматы)
- WFM Зарина Нұрғалиева (2235, Атырау обл.)
- WIM Әсел Серікбай (2223, Қызылорда обл.)
- WFM Мария Холявко (2130, Алматы)
- WIM Аяулым Қалдарова (2115, Шымкент)
- WFM Кристина Попандопуло (2061, Қарағанды обл.)
- WFM Жания Науанова (2031, Павлодар обл.)
- Жанбота Қамарова (1954, Ақмола обл.)
- Әсия Асылхан (1939, Түркістан обл.)
Сайысқа қатысатын қыздардың жасы 13-23 жас аралығында. Ең жасы – Елназ Қалиахмет пен Мария Холявко. Олардың жасы 14-те. Ал ең үлкен қатысушы – 23 жастағы Әсел Серікбай. Жалпы алғанда қатысушылардың дені 20 жасқа толмаған.
Ашық санат

Бұл санат бойынша орташа рейтинг — 2405. Халықаралық жіктелім бойынша турнир VII санатқа жатқызылған. Ойыншылар құрамында — Қазақстанның өткен жылдардағы чемпиондары, халықаралық жарыс жеңімпаздары, юниорлар арасындағы әлем чемпионаттарына қатысушылар және аймақтық турнирлердің финалистері бар.
Қатысушылар құрамы келесідей:
- GM Қазыбек Нөгербек (2538, Астана)
- GM Денис Махнёв (2526, Павлодар обл.)
- GM Әлішер Сүлейменов (2515, Павлодар обл.)
- IM Алдияр Аңсат (2489, ШҚО)
- IM Жандос Ағманов (2480, Астана)
- GM Рамазан Жалмаханов (2456, Алматы)
- IM Даниял Сәпенов (2415, Қарағанды обл.)
- IM Аян Ахметов (2410, Астана)
- IM Әбілмансұр Әбділқайыр (2401, Шымкент)
- IM Сәтбек Ахмединов (2392, Астана)
- IM Әлібек Игембергенов (2315, БҚО)
- FM Ерғали Сүлеймен (2302, Астана)
- FM Алдияр Жауынбай (2265, Астана)
- FM Ерлан Тілеуханов (2169, Алматы)
Қатысушылардың жас ерекшелігі
Ашық санат қатысушыларының жасы 13 пен 30 жас аралығында. Ең жас қатысушы — Алдияр Жауынбай 13 жаста болса, ең үлкен шахматшы Аян Ахметов 28 жаста, Әлібек Игембергенов 30 жаста.
«Чемпионатқа қатысушылардың қатарында 20 жасқа дейінгі әлем чемпионы Қазыбек Нөгербек, 3.4 Аймағы бойынша Азия чемпионатының жеңімпазы Алдияр Аңсат және юниорлар арасындағы рапид пен блицтен әлем чемпионатының екі титулының иегері Ерғали Сүлеймен бар», – делінген баспасөз хабарламасында.
Бұл чемпионат аясында еліміздің ең мықты шахматшылар қомақты жүлде қорын және тарихтан орын алу құқығын сарапқа салады. Турнир 1 маусымда аяқталады.
Айта кетейік мамырда Алматыда шахматтан юниорлар чемпионаты өткен болатын.