Тоқаев Будапеште Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Жиында сөз бастаған Қасым-Жомарт Тоқаев Будапеште Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанға алғыс айтқан.

«Бүгінгі алқалы жиынның Еуропа төрінде өтуінің айрықша мәні бар. Біз мажар жұртының қарт құрлықта тұғырлы мемлекет болып отырғанына дән ризамыз. Бүгін бәрімізді түбі бір түркі бауырларым деп құшақ жая қарсы алып жатсыздар. Мұны, шын мәнінде, мызғымас достығымыздың айқын көрінісі деп санаймын. Біз ынтымағы жарасқан елдеріміздің бірлігін бекемдеп, тамыры бір тарихымыз бен салт-дәстүрлерімізді ұлықтап келеміз», – деді президент.

Тоқаев саммиттің алып құрлықтың ұлан-ғайыр аумағын иеленіп жатқан түркі елдерінің мүддесіне, стратегиялық мақсат-міндетіне сай келетінін айтып, қазіргі геосаяси жағдай шиеленіскен шақта Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақтастық мәні арта түсетінін атап өтті.

Сондай-ақ президент түркі елдері арасындағы байланысты нығайтуғаелде жасалып жатқан шаралар туралы айтқан.

«Түркі мемлекеттері ұйымының жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілін тағайындады. Көп ұзамай Тұрақты өкілдік ашуды жоспарлап отырмыз. Астанада 11-12 маусым күндері Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының XIV пленарлық отырысы өтеді. Ақтау қаласы биыл Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде жарияланды. Осы мәртебелі міндетті жоғары деңгейде атқару үшін нақты іс-шаралар қолға алынды. Қазақстанның бастамасымен өткен аптада Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасы құрылды. Оның алғашқы отырысы киелі Түркістан қаласында табысты өтті. Ортақ келісім бойынша биыл маусым айынан бастап Алматы қаласы «Түркі мемлекеттері ұйымының жастар астанасы» атанады. Осылайша, біз түркі бірлігін нығайтамыз», – деді Тоқаев.

Сондай-ақ оқыңыз