Баласын сатқан өзбек әйелдері – билік жазаны ауырлатты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Былтыр Өзбекстанда баласын сатқан төрт әйел сотталды / / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Былтыр Өзбекстанда баласын сатқан төрт әйел сотталды / / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Баласын сатқан өзбек әйелдері жиілей бастады. Сондықтан Өзбекстан билігі адам саудасына қатысты қылмыстарға жазаны күшейтіп отыр.

Енді олар 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұрын Өзбекстанның Қылмыстық кодексінде ең ұзақ мерзім 12 жыл деп көрсетілген болатын.

Өзбекстан бұл қадамға неге барды?

Өзбекстанның Әділет министрлігінің ақпаратына қарағанда, адам саудасына қатысты заңнамаға осындай өзгеріс енгізіліп жатыр.

Адам саудасында жалған құжаттар пайдаланылса немесе құжаттар жасырылса, бүлдірілсе, 5 жылдан 10 жылға дейін түрмеге қамалады. Бұрын 8 жылға дейін мерзімге кесілетін.

Өзбек билігі бұл қадамға бекер барып жатқан жоқ. Бұл елде адам саудасы, әсіресе, балаларын сату жиі кездесіп отыр.

Тұрмыс тауқыметінен баласын сатқандар көбейді

Нәрестелер мен мектеп жасына жетпеген балаларды ата-анасы саудаға сала бастаған. Бірі баласына 600 АҚШ долларын сұраса, бірі – 18 мың АҚШ долларын талап еткен.

Өзбек билігі баласын сатқан өзбек әйелдері туралы жақсы хабардар. Олий мажлис Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева сонау 2020 жылы-ақ ата-аналары балаларын тұрмыс тауқыметінің кесірінен сатуға мәжбүр екенін айтқан болатын.

Жантүршігерлік төрт оқиға

Былтыр Өзбекстанда баласын сатқан төрт әйел сотталды. Олар екі шақалақ пен алты, тоғыз жастағы балаларын саудалапты.

Бұқара облысында 33 жастағы әйел жаңа туған нәрестесін 40 мың долларға сатпақ болған. Термезде 31 жастағы әйел қызын 25 млн сомға (975 мың теңгеге) сатуға оқталған. Ол ақша алып жатқан жерінен ұсталды. Ташкент қаласында да 27 жастағы әйел алты жасар баласына 4 000 доллар сұраған. Баласын сатқан өзбек әйелдеріне енді қатаң жаза тағайындалмақ.

Мұның алдында Мьянмада құлдықта болған 4 қазақстандық елге қайтарылғаны туралы хабарлаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз